Қатты дауыл салдарынан 40 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

Kun.uz таратқан ақпаратта, тосын жайт Бұқар, Самарқан, Жизақ және Науаи облыстарында болған. 

Өзбекстан Экология министрлігінің мәліметінше, Бұқар облысының 3 ауданының 6 мың тұтынушысы, Науаи облысына қарасты 4 ауданның 23 мың абоненті қазір электр энергиясыз отыр. Дәл осылай дауылдың салдарынан, Самарқан мен Жизақ аймақтарында да бас-аяғы 20 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалған. 

Жауапты органдар, электр энергиясын екпіндете соққан жел басылған соң қалпына келтірмек. Әлеуметтік желілерде тараған видеода, кептелісте тұрған көліктерді де байқауға болады. Ресми органдар "зардап шеккендер жоқ" - деп отыр.