Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек
Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Алматы барлық азаматқа бірдей қолжетімді әрі қолайлы қала болуы қажет. Ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсету аса маңызды. Оларға мейлінше ыңғайлы қоғамдық орта қалыптастыруымыз қажет.

Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек. Қазір Алматыда 55 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 13 мыңы еркін жүріп-тұра алмайды. Оларға кедергісіз орта қалыптастыру қажет. Бұл жұмыс мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, қарт кісілер және балалар үшін де өте маңызды.

Сондықтан, әкімдік қаладағы әлеуметтік нысандардың бәрін осындай жандардың қажеттілігіне бейімдеуі керек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, ауруханалар мен емханаларды, білім беру және спорт мекемелерін осы талапқа сай келтіру қажет».