Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады
liter.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Тағы бір өте маңызды сала – мәдениет. Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады. Мұнда театрлар, музейлер, кітапханалар көп. Almaty Fest, The Spirit of Tengri сияқты ауқымды мәдени іс-шаралар жиі өтеді. Бірақ, тағы да сол мәселе, негізгі мәдениет ошақтары қаланың «тарихи орталығында» шоғырланған.

Әкімдік қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруы керек. Туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жетеді. Мысалы, жақында Алматыда Димаштың концерті өткенін жақсы білесіздер. Оған 65 елден 13 мың турист келді. Мәдени іс-шаралар қаланың рухани өмірін байытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға тиіс.

Сондықтан, озық халықаралық тәжірибені үнемі зерттеп, оны, әсіресе, мәдени туризм саласына енгізу қажет. Жалпы, халық тұрмысының түзелуі, мәдениет ошақтарының артуы және басқа факторлар қала тұрғындарының мәдени менталитетін қалыптастырады. Бұл – дамудың маңызды көрсеткіші».