Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала
ТРК Президента

Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті.

Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы. Сондықтан мен қаланың дамуына, оның тіршілікке қолайлы, жайлы болуына айрықша мән беремін».

Сонымен қатар Президент Алматының қасіретті қаңтардан кейін толығымен қалпына келтірілгенін жеткізді.

«Алматы – еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы. Бұл қала жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, яғни бюджеттік кірістің 25 пайыздан астамын және сауда-саттықтың үштен бірін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Алматы қасіретті қаңтардан кейін толығымен қалпына келтірілді, қала экономикасы тұрақты түрде дамуда», - деді Мемлекет басшысы.