Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
Сурет: Akorda.kz

Келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылмақ.

Бүгін бірқатар өте өзекті мәселелер туралы пікір алмасулар болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Әзірбайжан Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

«Ең алдымен, бізге көрсеткен қонақжайлығыңыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Бұл – Қазақстан Президенті ретінде алғаш рет ресми сапармен келуім. Бұл сапардың мен үшін мән-маңызы айрықша. Бүгін бірқатар өте өзекті мәселелер туралы пікір алмасулар болады. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылмақ. Ол екіжақты ынтымақтастықты, қазақ-әзірбайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ильхам Әлиев өзінің шақыруын қабыл алып, Әзірбайжанға ресми сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президентінің Бакуге келуі екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.