Доллар құбылып тұр

Доллар құбылып тұр
Сурет: Ашық дереккөз

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,77 тиынға қымбаттап, 445, 81 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық банктің 11 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 445,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447,7 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату – 446,5 теңге, сатып алу – 450,5 теңге. Ресей рублі 4,53 – 4,71 теңге аралығында ұсынылып жатыр.

Еске салайық, 10 тамыз күнгі кешкі саудада доллардың орташа бағамы 1,15 теңгеге төмендеп, 445,04 теңге болған еді.