Қаржы пирамидасын құрған қылмыстық топ құрықталды

Қаржы пирамидасын құрған қылмыстық топ құрықталды
mail.kz

Gold Company LTD қазақстандықтардың 9 млрд теңгеден астам қаражатын иемденген

Gold Company LTD қаржы пирамидасы қазақстандықтардың 9 млрд теңгеден астам қаражатын иемденген. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазақстан мен Ресей азаматтарынан тұратын Gold Company LTD қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қылмыстық топқа қатысты істі тергеу нәтижелерін жеткізгім келді. Олар біздің азаматтарымызға интернеттегі ойдан шығарылған инвестициялық жобалардан жоғары пайда табуға уәде беріп, 9 млрд теңгеден астам қаражатын иемденген», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, кінәлілердің қылмыстық әрекеттерінен 4 мыңнан астам азамат зардап шекті.

«Аталған қаржы пирамидасының қызметіне Ақтөбе облысының полиция департаменті тосқауыл қойды. Қазіргі уақытта іс сотта», - деді департамент бастығы.