Қарағандыда өрттен 8 бала құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді

Қарағандыда өрттен 8 бала құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді
almaty-akshamy.kz

13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.