Қар, жаңбыр, тұман...

Қар, жаңбыр, тұман...
almaty-akshamy.kz
"Қазгидромет" РМК 15 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.  
"Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, жауын-шашын болады, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болады деп болжанады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжанады", - деген "Қазгидромет" РМК хабарламасында

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Орал қаласында тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі ықтимал. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Өңірде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Тынды және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавл қаласында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Астанада соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағандыда тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, батысында және Павлодарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және Ақтөбе қаласында тұман түседі деп күтіледі.