Канадада 135 адам иіс тиіп уланды

Канадада 135 адам иіс тиіп уланды
сурет: iz.ru

Адамдар барбекю пештерін дұрыс пайдаланбау салдарынан иіс тиіп уланған.

Сәрсенбі күні Монреальда жаңбырдан кейін электр қуатынсыз қалған 135 адам иіс тиіп уланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Квебек провинциясының денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлағанындай, 5 сәуірден бері медициналық мекемелерге иіс тиіп уланған 135 адам жеткізілген. Атап айтқанда, адамдар жылынуға және тамақты өздері дайындауға тырысып, үй ішіндегі көмір немесе газ барбекюлерін пайдаланған. Пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан иіс тиіп уланған.

Квебек және Онтарио провинцияларында салқын жаңбыр сәрсенбі күні жауған. Салдарынан 1 млн астам тұрғын үй мен басқа ғимараттар электр жарығынсыз қалған. Табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығына электр энергиясы тек дүйсенбіде беріледі деп шамалануда.