Қала күнін мерекелеу аясында Алматы аудандарында қандай іс-шаралар өтеді?

Қала күнін мерекелеу аясында Алматы аудандарында қандай іс-шаралар өтеді?
Сурет: Қ.Қоныспаев

Қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде Алматы қаласы өзінің туған күні - Қала күнін атап өтеді.

Биыл салтанатты мерекелер 17 қыркүйекте Республика Сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда өтеді. Сонымен қатар, 15-17 қыркүйек аралығында қалада бірқатар түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

15-17 қыркүйектен бастап сағат 12:00-ден 20:00 аралығында қаланың 8 ауданында және Панфилов пен Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» фестивалі өтеді. Мерекенің жалпы тұжырымдамасына сәйкес фестиваль бағдарламасы түрлі аймақтарға бөлінеді: командалардың қойылымы, жас әртістердің концерті, қолөнершілер жәрмеңкесі, заманауи өнер көрмесі, «Кино» кафесінде кино көрсетілімдері, жергілікті суретшілер мен дизайнерлердің шеберлік сыныптары. Сондай-ақ, 15-17 қыркүйек аралығында сағат 20:00-де Абай алаңында «Алматы жүрегімде» атты Халықаралық орындаушылардың екінші байқауы өтеді.

16-17 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00 аралығында Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді, ол екі күнге алып Алма-саябаққа айналады. Фестиваль бағдарламасында алма базары, қалалық мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік бағдарламалар жоспарланған. Облыстық шаруашылықтар сататын алма саны өткен жылмен салыстырғанда 100 тоннаға қарағанда 127 тоннадан артады. Сондай – ақ, 17 қыркүйекте Абай алаңында сағат 10:00-де салтанатты іс-шара – «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі тапсырылады.

16 қыркүйекте сағат 15:00-де Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Аlmaty cover show» мерекелік концерті өтеді, ал 17 қыркүйекте сағат 16:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтеді. Сонымен қатар, 17 қыркүйекте сағат 19:00-де Абай алаңында «Алматы жұлдыздары» музыкалық фестивалі өтеді.

Алматы қаласының барлық аудандарында қала күні мерекеленеді және салтанатты іс-шаралар өтеді:

- Медеу ауданында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт 15 қыркүйекте сағат 10:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де аудандық іс-шаралардың толық тізбесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/617686?lang=ru.

- Жетісу ауданында, 15-17 қыркүйек аралығында сағат 17: 00-де Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбатта Айнабұлақ (https://2gis.kz/almaty/geo/9430150454185011/76.914858659729362,43.321033308781573) және 17 қыркүйекте сағат 12:00-де "Гүлдер" саябағында, Серіков көшесі 2а-де Қала күнін мерекелеуге арналған мерекелік концерт өтеді. Аудандық іс-шаралардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/618004?lang=ru.

- Әуезов ауданында 15-17 қыркүйек аралығында сағат 17:00-де family park демалыс саябағында (Абай даңғылынан кіреберіс) қуыршақ театры мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Туған күніңмен, Алматым!» концерттік   мәдени шара өтеді. Аудандық іс-шаралардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/617446?lang=kk.

-Түрксіб ауданында 15-17 қыркүйек аралығында сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін №6 оқушылар үйі алаңының алдында, Сейфуллин даңғылы 13/1 бойынша «Туған күніңмен, Алматы» мерекелік іс-шарасы өтеді. Кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, акробаттар, бишілер мен сиқыршылар, сондай-ақ сәбилерге арналған қуыршақ театры және танымал «Ұлытау» этно-рок-тобы өнер көрсетеді. Іс-шаралардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/619106?lang=ru

- Алмалы ауданында «Туған күніңмен, Алматы!» 16 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Мега парк» СОО аумағында, Сейфуллин даңғылы, 483 өтеді. Аудандық іс-шаралардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/617725?lang=ru.

-Наурызбай ауданында ауданның эстрадалық жұлдыздары мен дарынды балаларының қатысуымен «Алматы – болашақ қаласы» мерекелік концерті 16 қыркүйекте сағат 11:00-де және 17 қыркүйекте сағат 19:00-де Шұғыла ш/а аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді. Аудандық іс-шаралардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/617270?lang=ru

- Бостандық ауданында, 16 қыркүйек күні сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін «Mega Alma-ata» СОО амфитеатрында, Розыбакиев көшесі, 247а жас орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Аудандық іс-шаралардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/documents/details/519577?lang=ru

-Алатау ауданында, 16 қыркүйек қала күніне орай «Алатау» ТТИ аумағында (Нұркент ш/а, 6) сағат 18:00-де «Асыл мұра»  дәстүрлі музыканың мерекелік кеші, ал 20:00-де отандық «Дос-Мұқасан» тобы сахнада мерекелік  өнер көрсетеді. Аудандық іс-шаралардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-alatau/press/news/details/617630?lang=ru.