Кәрім Мәсімовтың орынбасары бостандыққа шықты

Кәрім Мәсімовтың орынбасары бостандыққа шықты
Сурет: socdeistvie.info

Марат Осипов - Кәрім Мәсімовтың үш орынбасарының бірі бостандыққа шықты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары: Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Осипов 2022 жылы орын алған қаңтар оқиғасына қатысты сотталғаны белгілі.

Осы төрт қауіпсіздік қызметкерінің ішінде ең қысқа мерзім Марат Осиповқа берілген болатын. Оның өзіндік себептері бар еді. Өйткені, ол тергеуге көмектескені үшін қысқа мерзімге темір торға тоқытылды. Енді, өзіне берілген мерзімнің көп бөлігін өтегеннен кейін, бұрынғы чекист қалған мерзімін айыппұлға ауыстыру арқылы босатылды