Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке жұмысының қорытындылары жайлы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президентке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары жайлы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.