Көңілден шыққан қыздар сайысы

Көктемнің мамыражай шуақты күндерінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында қыздар байқауы өтті. Ақылына көркі сай студенттердің ортасында жастарды қоғамдық және мәдени іс-шараларға тартуға, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, эстетикалық тәрбие беруге, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған осы мереке – академияның дәстүрлі іс-шараларының тізімінде.

Байқауда өнер көрсеткен 12 үміткердің өнеріне өресі сай болып, байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, мерекеге келген көрермендерге үлкен қуаныш сыйлап, өздерінің шоқтығының биіктігін дәлелдеді. Қыздардың шығармашылық өнерлері рухани құндылықтарға толы және мағыналы болды. Намыс туын желбіреткен сайыс көріністері әдемі де ажарлы,тыңдаушылардың шөлін қандыратындай азық болды.

Жаны нәзік жандардың әрқайсысы таңдай бермейтін, бірақ қоғамға аса қажет мамандықтардың бірі саналатын болашақ инженер-құрылысшылар жүзден жүйрік шығып, жүлделі орындарды иеленді. Байқау талаптарын орындауда  биіктен көрінген  академияның Жалпы құрылыс факультетінің 2-курс студенті, көркем мінезді Мұратова Гүлсая «ҚазБСҚА аруы – 2018» жүлдесінің иегері атанды. Өздерінің өнерімен үлкен ықыласқа бөленген Зинатова Сымбат пен Рахымжанова Алуаға да жүлделі орындар бұйырды.

Барлық қатысушыға жеке  номинациялар тағайындалып,  көптеген сыйлықтар табыс етілді. Демеушілер жеңімпаздарға әшекей бұйымдар, сертификаттар және өзге де қомақты сыйлықтар беріп, жастарға үлкен қолдау көрсетті.

 

Гүлбану Қасабекова,

Жалпы құрылыс факультеті деканының орынбасары.

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close