«ІТ fest-2023» фестивалі басталды

«ІТ fest-2023» фестивалі басталды
Сурет: видеодан алынды

Астанада «ІТ fest-2023» инновациялық идеялар фестивалі басталды

Дәстүрлі шара биыл да ақпараттық технологиялар саласындағы үздік мамандардың басын қосты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олар машиналық оқыту, робототехника, нейрондық желілер мен жасанды интеллектіні дамытудағы соңғы трендтерге қатысты ойларымен бөлісті. Фестиваль аясында оқу орындарының студенттері ІТ саласындағы стартаптарын көпшілікке таныстырады. Үздік жобалар марапатталып, әрі қарай өндірістік және бизнес процестерді цифрландыру үшін қолданылатын болады.

- Өзімізбен бірге Леонардо деген роботты алып келдік. Ол адамдардың беттерін көре алатын камерасы бар. Өзінің бетін, қолын адамдарға қарап қозғалта алады. Біз оны болашақта да дамытқымыз келеді. Болашақта адамдардың мұқтаждықтарын шешуге көмектеседі. Осы көрмеде басқа да қазақстандық компаниялармен тәжірибе бөліскіміз келді, - дейді робототехника мұғалімі Мәди Мұқаш.