Ішкі істер органдарының 1,5 мың лауазымды қызметкері қысқартуға ұшырады

Ішкі істер органдарының 1,5 мың лауазымды қызметкері қысқартуға ұшырады
Сурет: Gov.kz

Жалпы ішкі істер министрлігінде 11 пайызға дейін қысқарту жүрді.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктың мәлімдеуінше, еліміздің ішкі істер органдарында қызмет атқарған 1,5 мың лауазымды тұлға қысқартуға ұшырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары қызметіне қатысты ауқымды реформа жүргізіп жатыр. Мақсат – құқық қорғау органдарының қызметін заман талабына сай ету, сонымен қатар құқық қорғау органы өкілдеріне деген халықтың сенімін арттыру. Ол үшін Үкімет бекіткен құқық қорғау органдары қызметін жетілдірудің жол картасы бар. Оған сәйкес ішкі істер саласының жұмысын жетілдіре түсу 9 бағыт бойынша жүріп жатыр», - деді Алексей Милюк.

Оның айтуынша, ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында 120 іс-шара өткізу қарастырылған.

«Жоғарыда айтылған 9 бағыттың бірі - ішкі істер органдарындағы штаттық құрылымды қайта қарау. Осы уақытқа дейін 1,5 мың лауазымды тұлға қысқартуға ұшырады. Жалпы, ішкі істер министрлігінде 11 пайызға дейін қысқарту жүрді. Екінші бағыт - ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәрбесін көтеру. Олардың жалақысы соңғы рет 2019 жылы көтерілді. Биыл қаңтардан кейін еңбекақы көлемін тағы арттыру қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, сала мамандарын тұрғын үймен қамту мәселесі де бар. Қазіргі таңда баспанаға мұқтаж ішкі органдары қызметкерлерінің 72 пайызына тұрғын үй төлемі берілді. Одан бөлек, биылдан бастап орган қызметкерлері жалға, ипотекаға және басында жалға алып кейін сатып алу құқығы берілетін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады», - дейді ол.