Ішкі істер министріне қалай тікелей жүгінуге болады?

Ішкі істер министріне қалай тікелей жүгінуге болады?
Сурет: Polisia.kz

2024 жыл ІІМ-де кадр сапасын жақсарту жылы болып жарияланды.

Ішкі істер министрі Instagram парақшасында өзіне қалай тікелей жүгінуге болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ауқымды әрі жауапты істі қолға алдық. Бұл ретте ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жеке парақшаларымның бар екенін еске саламын. Осы парақшалар арқылы менімен байланысқа шығуға болады. Ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. ІІМ басшысы тәртіп сақшылары күндіз-түні қызметте екенін, күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 14,5 мыңнан астам Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылғанын айтты. – Әр қызметкердің алдына қойылған басты мақсат – арыз-шағымдарды жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету», – деді Ержан Саденов.