Иракта ішімдікке тыйым салынды

Иракта ішімдікке тыйым салынды
Сурет: Ашық дереккөз

Иракта есірткіге әуестенушілер көбеюі мүмкін

Иракта алкогольдік ішімдіктерге тыйым салу туралы 2016 жылы қабылданған заң күшіне енді. Оның неліктен кеш қолданыла бастағаны белгісіз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кейбір пікірлерге сай, жеті жыл бұрынғымен салыстырғанда, қазір ислам партияларының ықпалы артқан. Сондықтан, заң енді ғана әрекет ете бастады.

Құжатқа сәйкес, импорттық алкоголь өнімдеріне тыйым салынады, оларды жергілікті нарықта сатуға немесе отандық өніммен алмастыруға болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаңа заңды халық жаппай қолдап отырған жоқ. Тіпті бірқатар тұрғындар осының салдарынан Иракта есірткіге әуестенушілер көбеюі мүмкін деп алаңдайды.

«Ирак – көп мәдениетті, еркін ел. Екінші жағынан, алкогольді сатуға және ішуге тыйым салу адамдарды балама әдістерді іздеуге мәжбүрлейтінін бәрі біледі, соның ішінде билік басындағылар да бұдан хабардар. Дәлірек айтсақ, адамдар қайтадан есірткіге немесе марихуанаға жүгінуі мүмкін. Бұл – осы заңның жағымсыз салдарлары», - деді Бағдад тұрғыны Әли Әс-Сахеб.