Инвесторлардың құқығы қорғалды

Инвесторлардың құқығы қорғалды
Сурет: Pravospain.com

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен маңызды инвестициялық жобалардың іске асуына бақылау жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өйткені инвесторларға қысым көрсету, бюрократия секілді түйіткілді мәселе көп. Нәтижесінде маңызды жобалар созбалаңға салынып кетеді. Прокуратура қызметкерлері қазір 27 бизнесменнің құқығын қорғап, тағы 900 жобаны зерделеп жатыр.

«Ірі инвесторлармен, заң және консалтингтік фирмалармен кездесулер өткізілуде.Негізгі мақсат – әрбір инвестор үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету және бизнестің қауіпсіздік кепілдігін арттыру», - дейді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембай.