Халықаралық заманауи музыка фестивалі өтеді
2–5 сәуір аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық заманауи музыка фестивалі болады.
Бұл іс-шара Қазақстандағы заманауи музыканың бірегей фестивалі болып табылады. Фестиваль қонақтары – композиторлар Тристан Мюрай (Франция) мен Клаус Ланг (Австрия), флейташы Марио Кароли (Италия), скрипкашы Владислав Песин (Ресей), «Nіkel» (Израиль) шығармашылық ұжымы, дирижер Федор Леднев (Ресей), «Игеру» шығармашылық ұжымы (Қазақстан) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі. Фестиваль барысында талғампаз тыңдарман назарына ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылады. Ізгі шара аясында 12 қазақстандық және 4 әлемдік деңгейдегі музыкалық шығарманың тұсаукесері болады. Сондай-ақ, шақырылған шетелдік қонақтар мен қазақстандық музыканттардың шеберлік сабақтары өткізіледі.