Гүлдала ауылындағы жер үйден өрт шықты

Гүлдала ауылындағы жер үйден өрт шықты
Сурет: almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы маңындағы Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы жер үйден өрт шығып, ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  аlmaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін сағат 15:22-де Талғар ауданының Гүлдала ауылында 138 шаршы метр алаңда жер үйдің шатыры және бір бөлмесі жанған. Сондай-ақ үйдің 30 шаршы метр төбе жабыны құлаған.

«Өрт сағат 16:13-те оқшауланып, 17:25-те сөндірілді. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда өрт салдарынан ер адам ауруханаға жатқызылғаны айтылған. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.