Грекиядағы өрт қоршаған ортаға орасан зор залал келтірді

Грекиядағы өрт қоршаған ортаға орасан зор залал келтірді
Сурет: ашық дереккөз

Грекия орманында шілдеде тұтанған өрт қоршаған ортаға үлкен залал келтірді.

Мамандар ауаға 1 жылда 222 мың көлік шығаратын көмірқышқыл газы тарағанын айтып, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл – Грекияда соңғы 20 жылда тіркелген ең жоғары теріс көрсеткіш», - дейді Еуроодақтың атмосфераны бақылау жөніндегі «Коперник» қызметі.

Өрттен әсіресе Родос аралы мен Афинаның батысындағы аймақтар қатты зардап шеккен. Экологтар өңірдің биологиялық тіршілігіне де алаңдап отыр.