Германияны қалың қар басты

Германияны қалың қар басты
Сурет: aussiedlerbote.de

Елдің батысындағы Рейнгау Таунус аймағында кептелісте қалған 100 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік жүргізушілері 15 минуттық жерге 3 сағатта жеттік, деп шағымданған. Метеорологтар алдағы бірнеше тәулікте тағы қар жауатынын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.   

«Негізгі жолдарды құлаған бұталардан әлі тазалап үлгермедік. Себебі, қар тоқтамай жауып жатыр. Бұл шаруаны орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірге атқарамыз», - дейді өрт сөндіру бригадасының өкілі Катрин Шиффер.