Ғалымдар Түркияда тағы да жойқын зілзала болуы мүмкін екенін болжап отыр

Ғалымдар Түркияда тағы да жойқын зілзала болуы мүмкін екенін болжап отыр
Сурет: Kk.rayhaber.com

«Түркияның Ыстанбұл қаласы мен Мәрмәр теңізі аймағында 2030 жылға дейінгі аралықта қуатты зілзала болуы мүмкін. Оның магнитудасы 7 балға жетуі ықтимал».

Сейсмология профессоры, Ыстанбұл мэриясы жер сілкінісі мәселелері бойынша ғалымдар кеңесінің мүшесі Халюк Эйидоган осылай деп болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Оның өзінше, зілзала болу қаупі бар өңірде 25 миллиондай адам тұратын 7 провинция орналасқан. Тағы бір ғалым Наджи Герюр зілзаланың болу ықтималдығы 50 пайыз екенін мәлімдеді. Бұл - осы өңірдегі жерасты дүмпулеріне қатысты екі мың жыл бойғы зерттеулерге негізделген болжам. Геофизикалық және сейсмикалық зерттеулер де есепке алынды.