Футзалдан Қазақстан командасы УЕФА рейтингінде үздік төрттіктен көрінді

Футзалдан Қазақстан командасы УЕФА рейтингінде үздік төрттіктен көрінді

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА рейтингіндегі орны анықталды.

Бас бапкер Рикардо Каканың жетекшілігімен құрама құрлықтық рейтингте төртінші орынға табан тіреп тұр. Рейтингте біздің құрамадан жоғары Португалия (2615,953 ұпай), Испания (2547,159) және Ресей (2486,456) орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетсек, қазақстандық футзалшылар 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алды.

УЕФА рейтингі: 

1. Португалия – 2615.953

2. Ресей – 2547.159

3. Испания – 2486.456

4. Қазақстан – 2416.503

5. Украина – 2056.591

6. Хорватия – 1976.252

7. Финляндия – 1970.212

8. Франция – 1967.701

9. Польша – 1924.072

10. Словения – 1898.780.