Эйфель неге жабылды?

Эйфель неге жабылды?
Сурет: интернеттен

Эйфель мұнарасының қызметкерлері ескерткіштің басшыларына қарсы шыққан.

Жұмысшылар билет құнының өсуіне сәйкес жалақыны да көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Time out порталының мәліметінше, осындай ереуіл желтоқсаннан бері екінші рет өткізіліп жатыр. Эйфель мұнарасының қызметкерлері ескерткіштің басшыларына қарсы шыққан. Мекеме кәсіподағының сөзінше, қала билігі техникалық қызметке кететін шығындарды тиісінше бағаламайды, салдарынан тым көп билет сатылады. Бұл қызметкерлерге айтарлықтай ауыртпалық түсіреді. Сонымен қоса қонақтар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Бұдан бөлек жұмысшылар билет құнының өсуіне сәйкес жалақыны да көтеруді талап етіп отыр.

Эйфель мұнарасы 19 ақпаннан бастап жабылған. Туристік орын осы апта бойы келушілерді қабылдамауы мүмкін. Әзірше мұнараға көтерілу мүмкін емес. Электрондық билеттері бар адамдар қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошталарын тексерулері керек.