Еуропадағы ең биік әрі ең белсенді жанартау «оянды»

Еуропадағы ең биік әрі ең белсенді жанартау «оянды»
Сурет: Minval.az

Италияда Этна жанартауы айналаға қып-қызыл шоқ шашып, атқылап жатыр.

Одан шыққан түтін Сицилия аралының аспанын тұмшалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Отты таудың атқылауы Катания әуежайының жұмысына әсерін тигізбеді. Терминал қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Этна - Еуропадағы ең биік әрі ең белсенді жанартау. Ол ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген.