Есірткі жарнамалары жойылды

Есірткі жарнамалары жойылды
almaty-akshamy.kz

Алматы жастары есірткі жарнамаларын өшірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қаламыздың белсенді жастары  бірлесіп, Алмалы ауданындағы есірткі  жарнамаларын өшіру бойынша «Жастар есірткіге қарсы» акциясын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға шақыру. Жастар Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткі жарнамаларын анықтап, оларды өшірді. Іс-шара барысында аудан аумағындағы ғимараттардың сыртқы қабырғасына  жазылған 100-ден аса жарнама жойылды.

Айта кетейік, аталмыш шара алдағы уақытта қаламыздың басқа аудандарында да жалғасын табатын болады.