Есентай өзеніне екі көпір салынады

Есентай өзеніне екі көпір салынады
kaztag.kz

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

2022 жылы Бостандық ауданында ұзындығы шамамен 23 шақырым  22 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден асатын 65 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. 4 шақырым тротуар салынып, жөнделді.

Осы жылы аудан аумағында бірінші кезеңде ұзындығы 15,5 шақырым 31 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпір жаңартылып, 2 көпір мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандустар орнатылады. Жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан ақпан айының соңына дейін шығады деп күтілуде.