Ертең Бостандық ауданында суық су болмайды

Ертең Бостандық ауданында суық су болмайды
Сурет: Newtimes.kz

Әлеуметтік ғимараттарға автоцистерналар арқылы су беріледі.

18 сәуірде Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимарат бірнеше сағатқа суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы су» МКК мәліметінше, 18 сәуірде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданы аумағындағы Ә.Кекілбаев-Витебская-Гагарин-Левитан көшелерінде орналасқан, сонымен қатар «Бағанашыл-2», «Қазақфильм», «Нұр Алатау» шағынаудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су өшіріледі. Суық су қызметіне енгізілген шектеулер жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет", - делінген хабарламада.

Тоқтату кезінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың басқа да ғимараттарына автоцистерналар арқылы су беру ұйымдастырылады.