Энгель заңы бойынша кедей елдердің легіндеміз

Энгель заңы бойынша кедей елдердің легіндеміз
Сурет: ашық дерекөз

«Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін ІЖӨ-ні 450 млрд долларға жеткізу межесін қойған. Оған жету үшін 10 пайыздық өсім қажет», – деген мәлімдеме жасады қаржыгер Мақсат Халық әлеуметтік желідегі парақшасында, -деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бізде ІЖӨ 5 пайызға өсіп жатыр. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 13 300 долларға жетіп, еліміздің табысы орташадан жоғары елдердің қатарына қосылды. 

Әлемдік стандартттар бойынша ІЖӨ 10 000 доллардан төмен болса кедей ел, ал 10 000-12 000 доллар арасында табысы орташа, ал 12 000-20 000 арасы табысы орташадан жоғары деп бағаланады. 

«Ал екінші бір көрсеткіш Энгель заңы бойынша, егер халық табысының жартысын азық-түлікке жұмсаса, кедей ел деп есептеледі. Бұл көрсеткіш бойынша халқымыз әлі кедей елдердің легінде, табысының көп бөлігін (50%-TengeLife) азық-түлікке жұмсайды», -дейді қаржыгер. 

Демек, ІЖӨ-мен халықтың әл-ауқаты арасында байланыс жоқ болып тұр.