ЕНДI СТН МЕН ӘЖК БОЛМАЙДЫ

Олардың орнына сәйкестендiрiлген нөмiрлер енгiзiледi 2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Сәйкестендiрiлген нөмiрлердiң ұлттық тiзiлiмi туралы» Заңына сәйкес (әрi қарай – Заң) сәйкестендiрiлген нөмiрлер енгiзiледi. Сәйкестендiрiлген нөмiрлердi енгiзу барлық тiркеу нөмiрлерiн, яғни әлеуметтiк жеке код пен салықшының тiркеу нөмiрлерiн ауыстырады. Бұл жеке және заңды тұлғалардың барлық қажеттi тiркеу құжаттарының санын азайтуға мүмкiндiк бередi.Заңға сәйкес жеке тұлғалар үшiн ЖСН – жеке сәйкестендiрiлген нөмiр қарастырылған.

Жеке сәйкестендiрiлген нөмiрлерi бар құжаттарға:

– туу туралы куәлiк;

– жеке басын куәландыратын құжаттар (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты жеке куәлiгi, шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты);

– азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ жағдайда, тiркелу куәлiгi кiредi.

2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап ЖСН жеке тұлғалардың төменде аталған операциялар мен iс-әрекеттерiнде қолданылады:

– азаматтық ахуал актiлерiн тiркеу, жеке басын куәландыратын құжаттарды беру, жылжымалы және жылжымайтын мүлiктiң мекемелерiн мемлекеттiк тiркеу, рұқсат қағаздары және тiркеу қағаздары түрiндегi құжаттарды беру, статистикалық регистрлердi жүргiзу, ақпараттық жүйелердi жүргiзу, ақшаларды төлеудi және аударуды жүзеге асыру, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарнасын және әлеуметтiк төлемдердi аудару кезiнде салықтық мiндеттемелердi орындау және т.б.

Қазiргi таңда Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығында ЖСН-ға ауысуға байланысты бiрқатар дайындық iсшаралары жүзеге асырылуда:

– орталықтандырылған мәлiметтер базасында зейнетақы және жәрдемақы алушылардың аты-жөнi, тегi және әкесiнiң аты, туылған күнi «Жеке тұлғалар» «Мемлекеттiк мәлiметтер базасында» алушылардың мәлiметтерiмен салыстыру жүргiзiлуде;

– орталықтандырылған мәлiметтер базасында зейнетақы және жәрдемақы алушылардың аты-жөнi, тегi және әкесiнiң аты, туылған күнi екiншi дәрежелi банктердiң ақпараттық жүйелерiндегi, осы банктер арқылы әлеуметтiк төлемдерiн алатын алушылардың мәлiметтерiмен салыстыра жүргiзiлуде;

– екiншi дәрежелi банктермен, зейнетақы жинақтаушы қорлармен және тиiстi банк операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар ұйымдармен төлем жүйесiн үнемi тестiлеу жұмысына белсене қатысу жүргiзiлуде.

Салыстыру жұмыстары нәтижесiнде зейнетақы және жәрдемақы алушылардың ЖСН-i мүлдем жоқтығы және МЗТО-ның мәлiметтер базасы мен жеке куәлiктерi арасында айырмашылықтар табылғандығы айқындалды: алушылар тұрмыс құруына немесе ажырасуына байланысты тектерiн өзгертедi, өз мәлiметтерiнде ұлттық нышанға байланысты қазақша әрiптердi енгiзiп, өзгертедi. Алушылар өздерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттардағы өзгерiстер жөнiнде МЗТО бөлiмшелерiне, банктерге хабарламайды.

МЗТО 2012 жылдан бастап Алушыларда ЖСН жоқ болған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақыны төлей алмайды, өйткенi зейнетақы мен жәрдемақыны төлеудегi төлем құжаттарында ЖСН-дi көрсету қажет.

Егер МЗТО мәлiметтерi мен алушының жеке басын куәландыратын құжаттар арасында аты-жөнi, тегi, әкесiнiң атында айырмашылық болса, онда 2012 жылы зейнетақы, базалық зейнетақылық төлемнiң сомасын аударуда проблемалар туындауы мүмкiн.

Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығы атынан барлық зейнеткерлер мен әлеуметтiк жәрдемақы алушылардың төменде аталғандарға назар аударуларын сұраймыз:

– жеке басын куәландыратын құжаттарда ЖСН-нiң бар болуын тексеру: егер жеке куәлiктiң алдыңғы бетiнде, туған жылының астындағы қатарда 12-сандық нөмiр көрсетiлмеген болса, онда Сiз ЖСНi бар жеке басын куәландыратын құжаттарды алу үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруларыңыз керек;

– егер Сiз зейнетақы, жәрдемақы алушысы болсаңыз және әлеуметтiк төлем тағайындалғаннан кейiн өзiңiздiң тегiңiздi, атыңызды, әкеңiздiң атын немесе туған жылыңызды ауыстырсаңыз, онда құжаттарыңызбен зейнетақы және жәрдемақы алушылардың мәлiметтер базасына өзгерiстер енгiзу үшiн тiркелу орны бойынша МЗТО бөлiмшесiне баруыңыз керек.

2012 жылдан бастап сәйкестендiрiлген нөмiрлердi қолдануға уақтылы және сапалы өту мақсатында жеке сәйкестендiрiлген нөмiрлердi алдын-ала алуларыңызды және жеке куәлiктегi мәлiметтер мен МЗТО-дағы мәлiметтердi сәйкестiкке келтiрулерiңiздi сұраймыз. Бұл 2012 жылы көптеген проблемаларды болдырмауға мүмкiндiк бередi.

Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардан, өткiзiлiп жатқан осы жұмыстардың қажеттiлiгiне түсiнiстiкпен қарауларыңызды сұраймыз.

Б.ЖҮНIСОВ,
МЗТО Алматы қалалық
филиалының директоры.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close