Енді лицей-гимназиялар емтихансыз қабылдайды

Енді лицей-гимназиялар емтихансыз қабылдайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл өзгерістер алдағы оқу жылында 1-сыныпқа қабылданған кезде енгізіледі.

Енді балалар лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдану үшін емтихан тапсырмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.

«Бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан балаларды қабылдауға қойылатын шектеулерді алып тастап, негізгі білімді меңгеру үшін тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді»,- деді Жұмашев.

Төрағаның айтуынша, тестілеуге қатысудан туындайтын психологиялық күйзеліс жойылады. Күйзеліс баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлатып, оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.