2025 жылға қарай студенттердің стипендиясы екі есе өседі

2025 жылға қарай студенттердің стипендиясы екі есе өседі
old.kzvesti.kz

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай студенттердің стипендиясы екі есе өсетінін туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Ол негізінен бірнеше бағыттарды қамтиды. Атап айтсақ: оңтайлы басқару жүйесі, акдемиялық саясат, білім бағдарламаларының сапасы, қолжетімді қаржыландыру, кәсіби оқытушылар құрамы мен академиялық адалдық принциптерін сақтау және сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесі.

Еліміздің 122 университетінің жартысы жекемешік ұйымдар. Бакалавриат, магистратура мен докторантура деңгейлерінде 600 мыңнан астам студент білім алуда. Қазақстанның 14 жоғары оқу орыны Дүниежүзілік ең үздік университеттер рейтингінде.

«Соңғы жылдары гранттар саны 2 есеге жуық өсті. Енді 2025 жылға қарай кезең-кезеңмен грант саны 75 мыңға дейін жетеді. Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай олардың стипендиясы тағы 2 есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады», — деді А. Аймағамбетов.