Енді бес жыл бойы сексеуілді кесуге болмайды

Енді бес жыл бойы сексеуілді кесуге болмайды
Сурет: Syrboyi.kz

«Ашық НҚА» порталында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сексеуіл кесуге тыйым салу туралы бұйрығының жобасы көпшілік талқылауына шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Уран кен орындарын қазып шығаратын және мемлекеттік орман қорының құбыр желісі өтетін жерлерде жаппай кесуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын», - делінген құжатта.

Аталған бұйрықтың орындалуын облыс әкімдіктері қадағалайды.

Кейінгі жылдары Қазақстанда сексеуілді экологиялық апат аймақтарына егу тәжірибесі жиі қолданыла бастады. Мысалы, 2021-2025 жылдар аралығында Аралдың табанына 1,1 млн га аумаққа сексеуіл егу жоспары іске асырылып жатыр.