Енді аңшы куәлігін EGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады

Енді аңшы куәлігін EGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады
Сурет: Ашық дереккөз

Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың баламасы

Цифрлық аңшы куәлігін eGov Mobile қосымшасында Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәләндыру үшін пайдалануға болады. Электрондық құжат 2023 жылдың қаңтарынан бастап оны рәсімдеген азаматтар үшін қолжетімді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі "Аңшы куәлігіне" басу қажет. Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың баламасы", - делінген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде 11,7 миллионнан астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР аза матының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және т. б.) бар.

Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады, Заңмен электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтарының баламалылығы бекітілген.