Ең жас кандидат та, ең егде кандидат та Алматыда тұрады

Ең жас кандидат та, ең егде кандидат та Алматыда тұрады
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Сайлау-2023: Кандидаттардың арасында 10 ұлттың өкілі бар.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша алдағы сайлауға кандидатурасын ұсынған үміткерлердің орта жасы 50-ден аспайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Өздеріңіз білетіндей, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланады. Өңірлерден алған мәліметтер бойныша 29 бір мандатты округ бойынша 609 кандидат ұсынылды. Оның 84-ін қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар ұсынса, 525-і немесе 86,2%-ы өзін-өзі ұсынған», - деді ОСК төрағасының орынбасары комиссияның кезекті отырысында.

Оның мәліметі бойынша бірмандатты жүйе бойынша кандидатурасы ұсынылғандардың 80%-ы ерлер, 20%-ы әйел.

«Үміткерлердің орташа жасы 50-ден төмен. Ең жас кандидат та, ең ересек кандидат та Алматы қаласында тұрады. Кандидаттардың арасында 10 ұлттың өкілі бар», - деді Константин Петров.