Ең бастысы қауіпсіздік: Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды

Ең бастысы қауіпсіздік: Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ұзындығы 190 метрлік тротуар Алматы қаласының Медеу ауданындағы ШААЖ бойымен жанармай құю станциясынан аялдама кешеніне дейін жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұрын тротуар болмаған, жаяу жүргіншілер жол бойымен жүретін еді.

«Мен бұл жолмен жүремін, осында жұмыс істеймін. Бұрын жолдың шетімен жүретінбіз, көліктің астына түсуден қоқатынбыз. Жаңбырлы ауа - райында жол тайғақ болатын. Бәррімізге жайсыз еді. Қазір жақсы болды, барлығына ыңғайлы», - деп атап өтті Алматы қаласының тұрғыны Смағұл Маусымбаев.

Жоба Медеу ауданы әкімінің аппаратымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша іске асырылды. Ауданда осы бағдарлама бойынша барлығы 44 жоба қолға алынған. Бүгіде 34-і бойынша жұмыс аяқталды. Қалғандары осы жылдың қараша айының соңына дейін орындалады.