Елімізде көздің қатерлі ісігі кезінде көру мүмкіндігін сақтауға болатын жаңа әдіс қолданыла бастады

Елімізде көздің қатерлі ісігі кезінде көру мүмкіндігін сақтауға болатын жаңа әдіс қолданыла бастады
Сурет: Optic-city.ru

Қазақстанда жыл сайын ретинобластоманың 20-25 жаңа жағдайы тіркеледі

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Орталық Азияда алғаш рет ретинобластоманың көзді сақтауға мүмкіндік беретін селективті интраартериялық химиотерапияның жоғары технологиялық орган сақтау емін жүргізуді басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Көздің қатерлі дертінде қолданатын бұл ем көзді, тіпті көздің көру қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін көрінеді. 

Ретинобластома - көздің қатерлі ісігінің сирек кездесетін түрі. Бұл дерт балалар арасында кең тараған. Ретинобластома бүкіл көз алмасын ісік тінімен толтырумен, көру жүйкесіне, көзұясына, миға қарай өсетін агрессивті ағыммен сипатталады. Ісік көру қабілетінің жоғалуы түрінде ғана қатерлі емес, сонымен қатар метастаздың және басқа мүшелердегі екінші қатерлі ісіктердің дамуына әкелуімен де қауіпті. Жыл сайын әлемде ретинобластома диагнозымен 8100 бала тіркеледі. Оның 570 - 810-ы жаңа туған кезде анықталады.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда көздің қатерлі ісігінің (ретинобластоманың) 20-25 жаңа жағдайы анықталады. 2015 жылдан бастап ретинобластомасы бар барлық науқастар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделуде.