Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Сурет: Belsat.eu

Коронавирусқа шалдыққан 540 адамның жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 02 қарашадағы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

02 қарашадағы мәлімет бойынша 45 777 адам коронавирус инфекциясынан (40 102 КВИ+ және 5 675 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

 8 268 пациент стационарда,
 
 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 540 адамның жағдайы ауыр,

 171 пациенттің жағдайы өте ауыр,

 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.