Өңдеу өнеркәсібі Алматы экономикасының драйверіне айналды

Өңдеу өнеркәсібі Алматы экономикасының драйверіне айналды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

Өңдеу өнеркәсібі драйверге айналды және 2022 жылы Алматы қаласы экономикасының өсуіне шамамен 17% үлес қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі 14,8%-ға өсті. Машина жасаудың 55,5%-ға, жеңіл өнеркәсіптің 28%-ға, тамақ өнімдерінің 9,5%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Соңғы 3 жылда машина жасаудың орташа жылдық өсімі 61,8%-ға жетті. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесі автомобиль өнеркәсібінің өсуі есебінен 40,8%-ға дейін өсті.

Hyundai Trans Almaty зауыты іске қосылған сәттен бастап 67 мыңнан астам, оның ішінде 2022 жылы 33 мыңнан астам автокөлік шығарылды.