Қазақстандық ғалымдар қартаюды тежейтін дәрі әзірлеп жатыр

Қазақстандық ғалымдар қартаюды тежейтін дәрі әзірлеп жатыр
Сурет: Tisyachasovetov.ru

Дәрі жүзімнен алынған органикалық қосылыстарға негізделген

Күнделікті күйзеліс, зиянды әдеттер мен ауаның ластануы – осының бәрі ағзада бос радикалдардың пайда болуына әкеледі. Ал бос радикалдар сау жасушаларға шабуыл жасайды. Ғалымдардың айтуынша, қартаюдың негізгі себебі осы. Алайда бұл үрдісті тежейтін табиғи өнім табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол өсімдіктерде көп кездесетін – полифенол.

«Жерорта теңізі құбылысы» деп аталатын зерттеу нәтижелері жарияланған кезде бүкіл әлем полифенолмен, соның ішінде жүзіммен айналыса бастады. Өйткені сол кезде полифенолдарды көп тұтынатын адамдарда инфаркт пен инсульт саны күрт төмендегені анықталды», - дейді Өмір туралы ңылым орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Гуляев.

Қазақстандық ғалымдар полифенолдарды және олардың ағзаға әсерін 10 жыл бойы зерттеді. Нәтижесінде, кейбір аурулардың алдын алатын бірегей отандық өнімді жасап шығарды. Атап айтсақ, сүйектің сынғыштығы, салмақ жинау мен жоғары қан қысымымен күресте полифенол тиімді екені анықталды. Ғалымдар жүзімнің құрамындағы полифенолдар табиғи өзгерістерді тежейді деген тұжырымға келді.

«Біз жүзімнің әртүрлі сорттарын сынап көрдік. Сосын бізге қажет полифенолдардың мөлшері бар екі сорт таңдалды. Бұл отандық селекцияның саперави және каберне-совиньон сорттары. Олар – еліміздің оңтүстігіндегі көпжылдық Қазақстандық селекция», - дейді Өмір туралы ғылымдар орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Гуляев.

Зерттеушілердің айтуынша, жүзімнен жасалған өнім үлкен, кіші болсын бәріне келеді. Тек аллергиясы бар, жедел респираторлық аурулары бар, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге ғана шектеу бар. 2018 жылы препаратты өндірушілер ғылым қорынан грант ұтып алған. Ал үш жылдан кейін Жезқазғанда адам жасын ұзартатын «жүзім эликсирі» жасала бастады.

«Ақпан айының соңында осы грантты қаржыландыруды толық аяқтаймыз. Біз негізгі бағыттардың бәрін қамтыдық. Мысалы, зауыт ашылды, өндіріс жұмыс істейді, алғашқы сатылымдар басталды. Тиісінше, жоба сәтті шықты деуге болады», - «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Арын Орсариев.

Ғалымдар «жүзімнен жасалған» өнім дәрі емес, тек емдеу кезіндегі көмекші құрал деп ескертеді. Бірақ көп ұзамай ол медициналық орталықтарға да жеткізіледі. Ал болашақта полифенолдарды косметологияға енгізу жоспарлап отыр. Отандық ғалымдардың жобасына Ресей мен Қырғызстан тарапынан қызығушылық бар.