Елімізде электр қуаты тапшылығы сезілуі мүмкін

Елімізде электр қуаты тапшылығы сезілуі мүмкін
inbusiness.kz

Елімізде электр қуатын тұтыну көлемі артты. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл энергия тұтыну жылдағыдан 7,2% пайызға өскен, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Өсім, әсіресе, оңтүстік өңірлерде байқалады. Жалпы, қазақстандықтар былтырмен салыстырғанда мың жарым мегаватқа артық электр қуатын пайдаланған. Отандық энергетиктер алдағы қыс айларында тапшылық сезіледі дейді. Шамамен 1 млрд 7 млн киловатт қуат қажет болуы мүмкін.

Басты себеп - электр станцияларындағы жөндеу мен гидроэлектр станциялардағы су тапшылығы. Айта кеткен жөн, қазір көптеген мемлекет электр қуатынан тарығып отыр.

Жаңартылатын қуат көздеріне ден қойған Еуропаның өзінде газдың бағасы тарихи максимумдерден асып түсті. Қытайда электр қуаты тапшылығынан зауыттар мен фабрикалар жабылды.

Ал Қырғызстанда Тоқтоғұл гидроэлектр станциясында судың азаюынан электр қуатын жоспарға сай жаппай өшіру жөнінде халыққа ескертіліп жатыр.