Эльжана Таниева әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Эльжана Таниева әлем кубогінің қола жүлдегері атанды
Сурет: Prosports.kz

Софияда әлем кубогі аяқталды.

Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

София (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. 

Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі. 

Айта кетерлігі, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, итальяндық София Раффаэли күміспен күптелді.