Елордада қазақ тілді контент жасаушылардың форумы болып жатыр

Елордада қазақ тілді контент жасаушылардың форумы болып жатыр
Сурет: Almaty.tv

«Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» атты жиында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері жайында сөз болады.

Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Алматы арнасына сілтеме жасап.

Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.

QAZFORUM бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, ұйымдастырушы – «Business Event&Rent» агенттігі.

Форумда «Пандемия кезіндегі медиа-трендтер» туралы пікір алмасу болады.

Онда COVID пандемиясы тек инфодемияны ғана алып келді ме? Әлде бұл жағымды тәжірибе болды ма? Біз қандай сабақ алдық? Бізді қандай медиа трендтер күтіп тұр? Осы сынды медианың өзекті мәселелері талқыланады.

QAZFORUM онлайн-БАҚ редакторлары үшін шағын іс-шарадан еліміздегі қазақ тіліндегі медиа, оның қоғам дамуындағы рөлі, БАҚ пен онлайн-медиа алдында тұрған өзекті күн тәртібін және қазіргі заманғы сын-қатерлерді талқылайтын  ірі пікірталас алаңына айналды. Жыл сайын ұйымдастырушылар қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылауды және халықаралық тәжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму перспективаларын айқындауды ұсынады.