Елімізге 2 айда 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінген

Елімізге 2 айда 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінген
Сурет: Mgorod.kz

Былтыр дәл осы уақытта 8,3 миллион долларға мың тонна гүл әкелініпті.

2023 жылдың қаңтар - ақпан айларында елге салмағы 1,3 мың тонна болатын, 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Гүлдің ең көп түрі - раушан, 799 тонна әкелінді. Екінші орында – хризантема, үшінші орында – қалампыр", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазақстанға 192 мың доллар тұратын 35 тонна лалагүл, 377 тонна қызғалдақ, линолий, гипсофила, феникс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер импортталды. Бұлардың құны 2,2 млн болады.

"Гүлдер Эквадордан, Нидерландыдан, Колумбиядан, Кениядан, Израильден, Өзбекстаннан, Қытайдан және Түркиядан әкелінді", - деп қосты мемлекеттік кірістер комитеті.

Былтыр дәл осы уақытта Қазақстанға 8,3 миллион долларға мың тонна гүл әкелінген. Өткен жылы шетелде қазақстандық раушандар сұранысқа ие болып, Өзбекстанға құны 94 мың доллар тұратын 25 тонна гүл экспортталды.