Еліміздің жол құрылысы саласында инженерден қарапайым шеберге дейін тапшы

Еліміздің жол құрылысы саласында  инженерден қарапайым шеберге дейін тапшы
Сурет: Semeytany.kz

Елімізде жол құрылысы саласында 12 мыңға жуық маман жетіспейді.

Қазір еліміздің барлық аймағында жол салу, жөндеу жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Кейбір мердігерлер білікті мамандарды жоғары жалақыға жалдауға мәжбүр. Ал жоғарғы оқу орындарында бүгінде 600-ден астам ғана студент жалпы құрылыс саласы бойынша білім алып жатыр. Мәселені шешу үшін ұқсас мамандықта оқып жатқан студенттерді осы салаға тарту жоспарланып отыр.