Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Сурет: ашық дереккөз

16 қарашада aнтициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.