Екі елдің басшылары не туралы сөйлесті?

Екі елдің басшылары не туралы сөйлесті?
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев  Владимир Путинмен телефон арқылы тілдесті.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңызды екені атап өтілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.