Еліміздің бас қаласы "сары" аймаққа өтті

Еліміздің бас қаласы "сары" аймаққа өтті
Сурет: Egemen.kz

Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа өтті.

2022 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналына сілтеме жасап.

 «Қызыл» аймақта ешқандай өңір жоқ. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

 «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары  бар.